Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Вьетнамда: ресми сапар қалай басталды (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапарынан
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапарынан. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы Ұлт қаһармандары монументіне гүл шоғын қоюдан басталды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хо Ши Мин мавзолейіне гүл шоғын қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы елдің ұлттық көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті. Сонымен қатар гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы да қатысты.

Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барған болатын.

Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033254-memleket-bassysy-vetnamda-resmi-sapar-qalai-bastaldy-video/

pixel