Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вьетнам президенті ресми сапармен келген Тоқаевты қалай қарсы алды

Опубликовано:

Во Ван Тхыонг пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Во Ван Тхыонг пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Вьетнамның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Содан кейін президенттер келіссөз залына өтті.

Айта кетейік, кеше, 20 тамызда президент Вьетнамға ресми сапармен барған болатын.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033271-vetnam-prezidenti-resmi-saparmen-kelgen-toqaevty-qalai-qarsy-aldy/

pixel