Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойды. Құжаттар тізімін президенттің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлай Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

4. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. "Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

7.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

9. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

11 Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

12. "Хабар" Агенттігі" АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2033289-toqaev-vetnamga-resmi-sapary-ayasynda-birnese-quzatqa-qol-qoidy-foto/

pixel