Президент әкімшілігі қайта құрылды: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
- Тимур Мұратұлы Сүлейменов Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
- Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Аида Ғалымқызы Балаева Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Ержан Хозеұлы Қазыхан Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
- Ернар Жеңісұлы Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
- Руслан Сұлтанұлы Желдібай Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;
- Әсет Өрентайұлы Исекешев Президенттің көмекшісі лауазымынан;
- Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Президенттің көмекшісі – Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Президент әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
- Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
- Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Президент әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034914-prezident-akimsiligi-qaita-quryldy-toqaev-kimderdi-qyzmetinen-bosatty/