jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Президент әкімшілігі қайта құрылды: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты

    Қол қойып жатқан адам
    Қол қойып жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

    • Тимур Мұратұлы Сүлейменов Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
    • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
    • Аида Ғалымқызы Балаева Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
    • Ержан Хозеұлы Қазыхан Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
    • Ернар Жеңісұлы Баспаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
    • Руслан Сұлтанұлы Желдібай Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан;
    • Әсет Өрентайұлы Исекешев Президенттің көмекшісі лауазымынан;
    • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Президенттің көмекшісі – Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
    • Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Президент әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
    • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
    • Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
    • Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Президент әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
    Президент әкімшілігі қайта құрылды: Тоқаев кімдерді қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.