Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Қауіпсіздік кеңесінің жаңа хатшысы тағайындалды

Жарияланған күні:

Ғизат Нұрдәулетов
Ғизат Нұрдәулетов. Фото: Ақорда

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасаған болатын.

  • Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
  • Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Президент әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Алексей Дмитриевич Калайчиди Президент әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қауіпсіздік кеңесінің қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Президент әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Ернар Лазар Президент әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты бірнеше шенеунік лауазымынан босатылғаны туралы жазған едік.

Оған қоса мемлекет басшысының жарлығымен президенттің үш жаңа көмекшісі тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034920-qazaqstanda-qauipsizdik-kenesinin-zana-xatsysy-tagaiyndaldy/