Елімізде 5 жаңа министрлік құрылды
Жарияланған күні:
Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлығымен:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды;
- Көлік министрлігі құрылды;
- Туризм және спорт министрлігі құрылды;
- Мәдениет және ақпарат министрлігі құрылды;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Көлік министрлігін қайта құру қажеттігін мәлімдеген болатын.
"Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет", – деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034938-elimizde-5-zana-ministrlik-quryldy/