Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа ішкі істер министрі тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Ержан Сәденов қызметке келді, деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады "Ақорда" баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ержан Сәденов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ішкі істер министрінің орынбасары лауазымын атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2034993-memleket-bassysynyn-zarlygymen-zana-iski-ister-ministri-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.