Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Ғалымжан Пірматов
Ғалымжан Пірматов. Фото: Ақорда

Ғалымжан Пірматов Қазақстан Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды", -делінген ресми хабарламада.

"Казатомпром" ресми сайты мәліметінше, Ғалымжан Олжаұлы 1972 жылы туған.

1993 жылы механика, қолданбалы математика мамандығы бойынша Новосибирск мемлекеттік университетін, 1995 жылы Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын аяқтап, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

2001 жылы Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітіріп Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленген.

Ол әр жылдары "Алтын-Тас" БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, "Халық банк" АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, "Cameco Kazakhstan" компаниясының президенті, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылы тамыз айында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Еске салайық, 2022 жылы ақпан айында Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035107-ulttyq-bank-toragasy-galymzan-pirmatov-lauazymynan-bosatyldy/

pixel