Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Ғалымжан Пірматов
Фото: kaptechnology.kazatomprom.kz

Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.

"Казатомпром" ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ғалымжан Олжаұлы 1972 жылы туылған.

1993 жылы механика, қолданбалы математика мамандығы бойынша Новосибирск мемлекеттік университетін, 1995 жылы Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын аяқтап, Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

2001 жылы Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітіріп Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленген.

Әр жылдары "Алтын-Тас" БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, "Халық банк" АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, "Cameco Kazakhstan" компаниясының президенті, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2017 жылдың тамызында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сенат депутаттарының Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы қызметіне тағайындауға келіскені туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1954376-galymzan-pirmatov-ulttyq-bank-toragasy-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel