Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуов жаңа лауазымға ие болды
Жарияланған күні:
Президент әкімшілігінің келісімімен Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігі Facebook-тегі ресми парақшасында.
Ол 1978 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі - жоғары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын, 2008 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2011 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын Ақтөбе қалалық емханада қарапайым дәрігерден бастап, бас дәрігердің орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
2010-2021 жылдары Ақтөбе, Астана қалаларындағы жеке оңалту медициналық орталықтарының директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап парламент мәжілісінің 7, 8 шақырылымдарындағы депутаты болды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында мәжілісмен Ғалымжан Елеуов депутаттық демалыстың соңғы күнінде өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
ОСК, Конституциясының ережелеріне сәйкес, өтініш беруге байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз бар деп шешті. Тиісті ұсыныс енгізілді.
Оны бірінші пленарлық отырыста 94 депутат қолдады. Осыдан кейін Ғалымжан Елеуов ресми түрде мәжілісмен болуды тоқтатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035155-mazilis-deputaty-retinde-okilettigin-toqtatqan-galymzan-eleuov-zana-lauazymga-ie-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.