Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы лауазымына тағайындалды
Жарияланған күні:
Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы болып тағайындалды. Тиісті құжатқа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сенаттың жалпы отырысында депутаттар Тимур Сүлейменовті Ұлттық банктің төрағасы лауазымына тағайындауға келісім берген болатын.
Айта кетейік, Тимур Сүлейменов бұл тағайындауға дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған еді. Өткен аптада Президент әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты ол қызметінен босатылды.
Ал Ұлттық банкті 2022 жылдың 3 ақпанынан бері Ғалымжан Пірматов басқарған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035219-toqaev-timur-suleimenovti-ulttyq-banktin-toragasy-etip-tagaiyndady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.