Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Әйтенов Шымкент әкімі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Мұрат Әйтенов
Мұрат Әйтенов. Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Мұрат Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген.

С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы инженер, заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

Кейін Қазақстан президентінің іс басқармасында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Соның ішінде Қазақстан президенті іс басқармасы аппаратының басшысы, іс басқармасы басшысының орынбасары болған.

2019 жылдың желтоқсанында Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып, ал 2020 жылдың 21 қаңтарында Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035264-murat-aitenov-symkent-qalasynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel