Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Ерлан Нысанбаев
Ерлан Нысанбаев. Фото: primeminister.kz

Ерлан Нысанбаев еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрі болды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған.

Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2014-2019 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 2019-2021 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметтерін атқарған.

Еске салайық, 1 қыркүйекте елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Бұрын Экология және табиғи ресурстар министрлігінде болған су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер жаңа министрлікке берілді.

Сол күні Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035299-erlan-nysanbaev-ekologiya-zane-tabigi-resurstar-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel