Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының әкімі болып Ғабит Сыздықбеков тағайындалды

Опубликовано:

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: primeminister.kz

Шымкент қаласының әкімі болып Ғабит Сыздықбеков тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Ғабит Сыздықбеков 1980 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі қызметінен бастаған.

2005-2006 жылдары СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы; ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы;

2006-2007 жылдары СІМ Кеңсесі баспасөз қызметінің үшінші хатшысы; екінші хатшысы.;

2007-2011 жылдары сенаттың аппаратында түрлі лауазымдарды атқарған;

2011-2012 жылдары СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.

2012-2017 жылдары Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі;

2017 жылғы тамызда СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі;

2017-2019 жылдары сенат төрағасының кеңесшісі; сенат аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылғы мамырдан бастап қыркүйекке дейін – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі;

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035304-symkent-qalasynyn-akimi-bolyp-gabit-syzdyqbekov-tagaiyndaldy/

pixel