Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында президент "Батыл тойтарыс – 2023" әскери оқу-жаттығу жиынына қатысады, сондай-ақ өңірде бірқатар нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, мемлекет басшысы Алматы облысына соңғы рет өткен жылдың қазан айында барған болатын.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен кездесіп, тұрғын үй мәселесі өңірдегі ең өткір мәселелердің бірі екенін айтқан еді.

Президент өңірде тозығы жеткен және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер көп екенін атап өтіп, осыған байланысты құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды арттыру керектігін тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035349-toqaev-almaty-oblysyna-zumys-saparymen-keldi/

pixel