Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді (видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-каналы.
Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі өтеуде.
Мемлекет басшысы Алматы облысының еліміз үшін орны айрықша екенін атап өткен.
"Көрікті мекеннен есімі ел тарихына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғамыз шыққан. Бұл – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел қорғаған Наурызбай, Райымбек батырлардың дүниеге келген жері. Бұл – Сүйінбай мен Жамбылдай ақындардың елі.
Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Тұманбай Молдағалиев және Бердібек Соқпақбаев бастаған төл мәдениетіміздің біртуар тұлғалары да – осы өңірдің перзенттері. Бір сөзбен айтсақ, Алматы облысы – еліміз үшін айрықша орны бар аймақ", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993349-toqaev-almaty-oblysyna-zumys-saparymen-keldi/