Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысында әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Президент – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында "Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Полигон
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан тамашалады. Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті жөнінде баяндады.

"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадалық-тактикалық топтары авиацияның қолдауымен, сондай-ақ Құрлық әскерлері және Арнаулы операциялар күштерінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, судан өту арқылы қарсы жағалаудағы жау шебін басып алу үшін тактикалық іс-қимыл жүргізді.

"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ал Арнаулы операциялар күштері мен Ұлттық ұлан бөлімшелері шартты жау қолына өткен Қапшағай ГЭС-ін азат етті. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері техногендік апат салдарын жоюмен айналысып, халыққа гуманитарлық көмек көрсету міндетін атқарды.

"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қарулы күштердің бас штабы әзірлеген бірыңғай жоспар мен мақсатқа сәйкес әскерлер оқу-жаттығу жиыны өтетін аудандарға стратегиялық тұрғыда қайта топтастырылды.

"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Атап айтқанда, Әскери-теңіз күштері авиацияның және Арнаулы операциялар күштерінің қолдауымен Каспий теңізі акваториясындағы экономикалық қызмет нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны
"Батыл тойтарыс-2023" стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарындағы полигондарда да осындай оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2035362-toqaev-almaty-oblysynda-askeri-oqu-zattygu-ziynyna-qatysty/

pixel