jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтаулықтар қала әкімінің халықпен кездесуге келмей қалғанына наразылығын білдірді

Ербол Ізбергенов
Ербол Ізбергенов. Фото: facebook.com/AktauPress

Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов белгіленген күні халықпен кездесуге келмей қалған. Кездесу қала басшысының қатысуынсыз өткен. Бұған тұрғындар наразылығын білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның жазуынша, 6-7 қыркүйек күндері Ербол Ізбергенов Ақтау қаласында және Өмірзақ ауылында тұрғындармен кездесуге тиіс болатын. Тұрғындарға бұл туралы тіпті алдын ала хабарланған. Алайда кездесу әкімнің қатысуынсыз өткен.

Жергілікті тұрғындармен кездесуге қала басшысының орнына оның міндетін атқарушы Имаммахмұт Шағырбаев пен орынбасары Ербол Жұмағазин келген. Өз кезегінде тұрғындар бұған наразылығын білдірген.

Басылымның мәліметінше, кездесуге әкімнің келмейтіні алдын ала ескертілмеген.

"Кездесу жұмыс күні өткендіктен, қала әкіміне өз мәселемді айту үшін жұмыстан арнайы сұранып келген болатынмын. Бірақ ол кездесуге келмеді. Егер кездесуді шенеуніктер өткізетін болса, онда неге қала әкімінің халықпен кездесуі өтеді деп хабарлайды? Егер әкімнің шұғыл жұмысы шығып қалса, бұны алдын ала ескертуге болар еді", – деп шағымданды Ақтау қаласының тұрғыны Әсел Тәжібекова.

Тұрғындардың назына қатысты жауап берген Ақтау әкімдігінің хабарлауынша, сол күні Ербол Ізбергенов сырқатына байланысты кездесуге келе алмаған.

Еске сала кетейік, Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып 2022 жылы тағайындалған еді.

Ақтаулықтар қала әкімінің халықпен кездесуге келмей қалғанына наразылығын білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.