Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Режеп Тайип Ердоған қараша айында Қазақстанға келеді

Опубликовано:

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Mustafa Kamaci/Anadolu Agency via Getty Images

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қараша айының басында Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне байланысты Түркия президентінің Қазақстанға сапары жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент Режеп Тайип Ердоғанның Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне байланысты Қазақстанға сапары 3 қарашаға жоспарланған", - деді СІМ басшысы.

Еске салайық, былтыр қазан айының ортасында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Қазақстан мен Түркия президенттері екі елдің Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің IV отырысын өткізгенін жазған едік.

Елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Қазақстан Республикасының І дәрежелі "Достық" ордені табыс етілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036114-rezep-taiip-erdogan-qarasa-aiynyn-basynda-qazaqstanga-keledi/

pixel