Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Хасар Хабылбеков
Хасар Хабылбеков. Фото: gov.kz

Хасар Хабылбеков Павлодар қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бүгін қала активінің отырысында жаңа басшы таныстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хасар Хабылбеков жаңа қызметіне дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Хасар Хабылбеков 1986 жылы дүниеге келген.

2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Қаржы" мамандығы бойынша және 2014 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Көлік құрылысы" мамандығы бойынша тәмәмдаған. "Техника және технология" магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған.

2012 жылдан бастап 2016 жылға дейін Павлодар облысының атқарушы органдарында түрлі лауазымда жұмыс істеген. Ол Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманынан Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы қызметіне дейін өскен.

2016 жылы – "Казстрой Инжиниринг ПВ" ЖШС директоры.

2017-2021 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімінің аппаратында бас инспектор, Шарбақты және Тереңкөл аудандары, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімдерінің орынбасары.

2021 жылы – Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2021 жылы (маусым-тамыз) – "Павлодар облысы құрылыс басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2021-2022 жылдары (тамыз-желтоқсан) Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылғы 30 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036326-pavlodar-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel