Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Жамаубаевтың "ұсталғаны" бейнеленген фотоға қатысты Қаржы министрлігі пікір білдірді

Опубликовано:

Ерұлан Жамаубаев
Ерұлан Жамаубаев. Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік желіде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полиция қызметкерлері ұстап жатқаны бейнеленген фото пайда болды. Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл - жалған ақпарат.

Порталдың мәліметінше, желіде тараған жалған фотоның астында "Қазақстан Банкі" министрді сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген.

Бұған қатысты пікір білдірген Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрді сотқа бергені туралы ақпарат пен оның ұсталғаны бейнеленген фото фейк.

"Желіде қоғамдық тәртіпті бұзушыларға жағдай жасауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған шындыққа жанаспайтын, көрінеу жалған ақпарат тарады. Мұндай заңсыз әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп хабардар еткен ведомстводан.

Порталдың жазуынша, Ерұлан Жамаубаевқа қатысты бұған дейін де желіде жалған ақпарат тараған.

Ол кезде "Қазақстан банкі тікелей эфирде айтқан сөзі үшін Ерұлан Жамаубаевты сотқа береді" деген тақырыптағы мақала жарияланған сайт пайда болған. Ойдан шығарылған сұхбат мәтінінде шын мәнісінде криптовалюта нарығында сауда жасауға арналған бот жарнамаланған.

Қаржы министрінің ұсталған түсірілген жалған фото
Қаржы министрінің ұсталған түсірілген жалған фото: stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036378-ministr-zamaubaevtyn-ustalgany-beinelengen-fotoga-qatysty-qarzy-ministrligi-pikir-bildirdi/

pixel