jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша 7 автобустың бағыты өзгерді

Автобусқа мінгелі жатқан жігіт
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласындағы Әуезов ауданында тұрғындардың өтініші бойынша 7 автобус бағыты ұзартылды. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері Әуезов ауданының 17 маршрутында 219 автобус жаңартылды.

"Әуезов ауданы тұрғындарының көптеген өтініші бойынша №55 маршрут "Сарыарқа" метро бекетіне дейін, №142 "Б. Момышұлы" бекетінеа дейін (ЖЭО-2-ден), №53 Абай-Б. Момышұлына дейін, №78, 110, 226 маршруттар "Б. Момышұлы" бекетіне дейін және №132 "Сайран" бекетіне дейін ұзартылды", - деді қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.

Айта кетейік, Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың бағыты уақытша өзгергенін жазған едік.

Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша 7 автобустың бағыты өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.