Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөз жүргізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді.

️Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.

Сондай-ақ президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036600-toqaev-tazikstan-prezidenti-emomali-raxmonmen-kelissoz-zurgizdi/

pixel