Тоқаевтың қатысуымен өткен Тәжікстандағы саммитте қандай құжаттарға қол қойылды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Тәжікстандағы саммитте құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы Ақорда ресми Telegram арнасында хабарлады.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
- Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
- Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
- Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036766-toqaevtyn-qatysuymen-otken-tazikstandagy-sammitte-qandai-quzattarga-qol-qoiyldy/