Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аяқталды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кохир Расулзода
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кохир Расулзода. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аяқталды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Душанбе халықаралық әуежайында мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода шығарып салды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға жұмыс сапарымен барған еді.

Ресми сапар барысында екі ел президенті келіссөз жүргізген болатын.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапары кезінде "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесін аралағанын жазған едік.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанда өткен саммитте қандай құжаттарға қол қойғанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2036801-toqaevtyn-tazikstan-respublikasyna-zumys-sapary-ayaqtaldy/

pixel