"Лайықпын ба, жоқ па, оны халық, үкімет және президент шешеді": Шарлапаев жаңа лауазымына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін үкіметте өткен брифингте жаңа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзін министр болуға қаншалықты лайықты деп санайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
:Журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтан өзін министр болуға қаншалықты лайықты деп санайтынын сұраған.
"Лайықты не лайықты емес" деген мәселеге келер болсақ, бұл – үкіметтің, мемлекет басшысының шешімі. Ал жұмысыма Қазақстан халқы, үкімет, мемлекет басшысы баға береді", – деді Шарлапаев.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйек күні Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған болатын. Бұған дейін Шарлапаев "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның басқарма төрағасы болған, сонымен қатар 2022 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Bereke Bank АҚ директорлар кеңесін басқарып келе жатыр.
Сондай-ақ қыркүйек айының басында Қазақстанда бес жаңа министрлік құрылған болатын. Осылайша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі жаңа ведомствоға бөлінген:
- Көлік министрлігін Марат Қарабаев басқаруда;
- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Қанат Шарлапаев басқарады.
Шарлапаевқа индустрия және өнеркәсіпті дамыту салаларында; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені және т.б. функциялар мен өкілеттіктер беріліп, міндеттер жүктелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2037193-laiyqpyn-ba-zoq-pa-ony-xalyq-ukimet-zane-prezident-sesedi-sarlapaev-zana-lauazymyna-qatysty-pikir-bildirdi/