Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте әкімдіктің үш басқарма басшысы жазаланды

Опубликовано:

Әкімдік
Шымкент қаласының әкімдігі. Фото: Facebook / Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте қала әкімдігінің үш басқарма басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Антикордың журналистерге хабарлауынша, шенеуніктер активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған өтініш берушілерді жұмысқа алып жатқан кезде ұсталды. Бұл - тікелей заң бұзушылық. Заң бұзушылықтар мониторинг барысында занықталды.

Енді үш басқарма басшысы бірден 100 АЕК, яғни 345 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Жағдай қайталанса, олар жұмыстан шығарылады.

"Басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, егер ол тағайындалғанға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған болса, оған өкілеттік беруге құқығы жоқ. Жаңа мемлекеттік қызметші, лауазымды тұлға, үміткер бола отырып өзінің нақты мүлкі мен кірісін көрсетуі тиіс", - деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Алексей Колосков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038093-symkentte-akimdiktin-us-basqarma-bassysy-zazalandy/

pixel