Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министрліктен өз еркімен кеткен Марат Күлдіков жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Марат Күлдіков
Марат Күлдіков. Фото: t.me/qr_tjm

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып Марат Күлдіков тағайындалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында.

Елордалық ТЖД-ның жеке құрамына жаңа басшыны Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов таныстырған.

Министр елордалық гарнизонның жаңа бастығын құттықтап, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау бағытын ерекше атап өтіп, қызметті жетілдіру бойынша міндеттер қойған.

Марат Күлдіков 1967 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін және ТЖА Көкшетау техникалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы өрт сөндіруші болып бастап еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министріне дейін көтерілген.

Биылғы жылдың шілде айында Марат Күлдіков берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.

Естеріңізге сала кетсек, Абай облысындағы ірі өрт кезінде жедел штабтың отырысында президент Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, шенеуніктерді сынға алған еді.

Алайда ТЖМ баспасөз қызметі Күлдіковтің отставкаға өтініш беруі мемлекет басшысының сынына байланысты емес екенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2038350-tz-vice-ministri-qyzmetinen-oz-erkimen-ketken-marat-kudikov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel