Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы дауға қалған Щучинск әкімі қызметінен кетті

Опубликовано:

Олжас Нұрмағамбетов
Олжас Нұрмағамбетов. Фото: instagram.com/olzhas_nurmagambetov01

Тамыз айында тікелей эфир кезінде басы дауға қалған Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов қызметінен кетті, деп хабарлайды Бурабай ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің 2023 жылғы 2 қазандағы өкімімен Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі Нұрмағамбетов Олжас Байболатұлының өкілеттігі тоқтатылды", - деп хабарлайды ведомствоның ресми Instagram парақшасы.

Ведомствоның мәліметінше, Щучинск қаласы әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім Нұрмағамбетовтың жеке өтініші негізінде қабылданды.

Щучинск қаласының әкімінің басы неге дауға қалды?

Щучинск әкімі Instagram желісіндегі тікелей эфирден кейін дауға қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары Олжас Нұрмағамбетовті қала тұрғындарына тіл тигізді деп айыптаған еді. Алайда әкімнің өзі мұны жоққа шығарды. Оқиғадан кейін ол қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Бұдан кейін облыс әкімдігі жанжалдан кейін әкімнің неліктен қызметінен босатылмағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039187-basy-dauga-qalgan-shhucinsk-akimi-qyzmetinen-ketti/

pixel