Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласы әкімінің жаңа аппарат басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Ержан Сейтенов
Ержан Сейтенов. Фото: gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болып Ержан Сейтенов тағайындалды, деп хабарлайды Шымкент әкімдігі ресми сайтында.

"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Сейтенов 1974 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі, құқықтану магистрі.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіретін кәсіпорында жұмысшы болып бастап, жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039768-symkent-qalasy-akiminin-zana-apparat-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel