Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің жаңа басшысы тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: primeminister.kz

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды. Жаңа басшыны холдинг ұжымына премьер-министр Әлихан Смайылов таныстырды, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты.

Әлихан Смайылов Нұрлан Байбазаровты ұжымға таныстыра отырып, мемлекет басшысы халыққа жолдауында "Бәйтерек" холдингінің қызметін трансформациялау және ауқымды цифрландыру бойынша міндет қойғанын еске салған.

"Нәтижесінде бюрократиялық кедергілер жойылып, өтінімдерді қарау мерзімі қысқарып, бизнес қауымдастығының қолдау шаралары туралы хабардар болу деңгейі артуы қажет. Жаңа басшы алдағы жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс", - дейді премьер-министр.

Сондай-ақ үкімет басшысы "Бәйтерек" бәсекеге қабілетті бизнесті дамыту, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша жұмыстарды күшейтуі қажет екенін атап өткен. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Байбазаров мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жауапты қызметтер атқарған.

Атап айтқанда, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінде, "Қазақстан темір жолы" және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияларында, Өнеркәсіпті дамыту қорында жұмыс істеген. Былтыр қарашадан бастап Қазақстан даму банкінде басқарма төрағасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039773-baiterek-xoldinginin-zana-bassysy-tagaiyndaldy/

pixel