Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды (фото)

Опубликовано:

Құжатқа қол қойып жатқан адам
Құжатқа қол қойып жатқан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік министрлігінде бірқатар жаңа тағайындау болды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

"Үкімет қаулысымен Мақсат Қайыржанұлы Қалиақпаров пен Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев көлік вице-министрлері, көлік министрінің бұйрығымен Ерболат Рахметұлы Мұқаев Көлік министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мақсат Қалиақпаров
Мақсат Қалиақпаров. Фото: primeminister.kz

Мақсат Қалиақпаров 1980 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы "ҚР ПІБ МТҚ базасы" РМК кеден мәселелері жөніндегі маманы болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда, Ақтау халықаралық теңіз сауда портында, Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Электрондық қаржы орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болған.

Сәтжан Аблалиев
Сәтжан Аблалиев. Фото: primeminister.kz

Сәтжан Аблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында Орталық инженерлік-техникалық қызметінің операторы болып бастаған.

1996 жылдан 2004 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясында жұмыс істеген. Ұзақ жыл бойы Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымында қызмет атқарған. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

Ерболат Мұқаев
Ерболат Мұқаев. Фото: primeminister.kz

Ерболат Мұқаев 1961 жылы Орал облысында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Алғашқы жұмыс орны — Қараөзен орта мектебі.

Ұзақ жыл білім саласында, ішкі саясатта, аудан басшылығында, Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде қызмет еткен. Сенаттың төрт шақырылымының депутаты болған. 2021 жылдан бері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039852-kolik-ministrliginde-birqatar-zana-tagaiyndaular-boldy/

pixel