Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде де кадрлық ауыс-түйіс болды
Опубликовано:

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде үш вице-министр мен аппарат басшысы тағайындалды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Үкімет қаулысымен Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин, Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков және Иран Шарханұлы Шархан өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері лауазымдарына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалған.
Айта кетелік, бұған дейін көлік вице-министрлері және Көлік министрлігі аппаратының басшысы тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2039870-onerkasip-zane-qurylys-ministrliginde-de-kadrlyq-auys-tuiis-boldy/