Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Опубликовано:

Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін
Ауғанстандағы жер сілкінісінен кейін. Фото: Photo by MUHAMMAD BALABULUKI/Middle East Images/AFP via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-министрдің ресми сайтының мәліметінше, гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Үкімет дерегінше, Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

"Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Кейінірек, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 2 мыңнан асып, тағы он мыңға жуық адам зілзаладан зардап шеккенкені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2040182-toqaev-auganstanga-qutqarusylar-men-gumanitarlyq-komek-ziberudi-tapsyrdy/

pixel