Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды: 120-ға жуық адам қаза тауып, тағы мыңдағаны жарақат алды

Опубликовано:

Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдары
Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдары. Фото: MOHSEN KARIMI/AFP / Getty Images

Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмикін. Өйткені тағы мыңдаған адам жарақат алған.

Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласының батысында 40 км жерде болған. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталған.

Көптеген ғимарат қирап, адамдар үйінді астында қалған. Тірі қалғандардың айтуынша, алдымен кеңсе ғимараттары теңселіп, артынша опырылып түскен.

"Бүгінгі күні біздің дерегімізше, мыңнан астам әйел, бала мен қарттар жарақаттанған және 120-ға жуық адам қаза тапты", - деді Ауғанстан жедел қызметтерінің өкілі Моса Ашари.

Расталмаған деректерге сәйкес зілзаладан көз жұмғандар саны 300 адамнан асып кеткен. Желіде жарияланған кадрларда Герат қаласының Инджиль ауданында қирандылар жолды жауып қалғаны, салдарынан құтқару жұмыстары қиындағаны көрінеді.

Герат қаласы Иранмен шекарада орналасқан, Ауғанстанның мәдени астанасы саналады. Дүниежүзілік банктің 2019 жылы келтірген дерегінше, провинцияда шамамен 1,9 млн адам тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040059-auganstanda-zoiqyn-zer-silkinisi-boldy-120-ga-zuyq-adam-qaza-tauyp-tagy-myndagany-zaraqat-aldy/

pixel