Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемқызмет агенттігінің өкілі командасымен көшіп баратын басшыларға қатысты сауалға жауап берді

Опубликовано:

команда
Команда. Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов командасымен көшіп баратын басшыларға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.

Агенттіктің жазуынша, баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілі Азамат Жолмановқа: "Қандай да бір қызметке ауысса, өзінің бұрынғы командасын алып баратындар бар. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзінің бұрынғы орынбасарын вице-министр етіп алды. Заңнамада командасымен көшіп баратындарға шектеу қоятын норма бар ма", – деген сауал қойған.

Бұған қатысты жауап берген агенттік төрағасының орынбасары мұндай шектеудің жоқ екенін айтқан.

"Заңнамада мұндай шектеу жоқ", - дейді Азамат Жолманов.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде де "командасымен көшіп бару" сияқты түсінік жоқ.

"Біз қазір бар мәселені зерделеп, талдау жасау арқылы заңнамаға өзгеріс енгіземіз. Егер осындай мәселе анықталса, бұл сұрақты зерделейміз", - дейді Азамат Жолманов ОҚК-де өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда 2022 жылдан бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған Ерболат Ибрайханов Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды.

Кейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов неліктен бұрынғы орынбасары да өзімен бірге жаңа ведомствоға ауысқанын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2041877-memqyzmet-agenttiginin-okili-komandasymen-kosetin-bassylarga-qatysty-zauap-berdi/

pixel