Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сапарымды асыға күтемін": Эмманюэль Макрон Қазақстанға келуді жоспарлауда

Опубликовано:

Эмманюэль Макрон
Эмманюэль Макрон. Фото: Georg Wendt / Getty Images

Франция президенті Қазақстанға баруды жоспарлап отыр – бұл туралы Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған құттықтау жеделхатында жазған. Бұны Ақорда ресми сайты хабарлады.

Бұған дейін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар ел президенттері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түскені туралы хабарлаған болатын.

Құттықтау хаттарының бірінде Франция президенті Эмманюэль Макронның да жеделхаты болған. Ол өзінің құттықтауында ұзақ жылдар бойғы екіжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өткен. Оған қоса алдағы уақытта Қазақстанға келетінін тілге тиек етті.

"Елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту, энергетика, су ресурстары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шикізат салаларындағы серіктестікті дамыту үшін Қазақстанға жасайтын алдағы сапарымды асыға күтемін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қараша айында Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барғаны туралы жазған едік және Елисей сарайында өткен ресми қарсы алу рәсімінде мемлекет басшысы Эмманюэль Макронды Қазақстанға шақырған болатын.

Сондай-ақ 30 қарашада Тоқаев пен Макронның бірлескен мәлімдемесі жарияланған еді.

Кейін Қазақстан басшысы Франциядағы ірі компаниялардың басшыларымен де кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042435-saparymdy-asyga-kutemin-emmanyuel-makron-qazaqstanga-keludi-zosparlauda/

pixel