Тоқаев Елисей сарайына келді: мемлекет басшысын Макрон қарсы алды (видео)
Опубликовано:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Францияға келді. Мемлекет басшысын әйгілі Елисей сарайында Франция президенті Эммануэль Макрон қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-дағы БОРТ N1 ресми арнасында.
"Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды. Рәсімнен кейін мемлекеттер басшыларының екіжақты келіссөзі басталды", - делінген хабарламада.
Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Эмманюэль Макронмен келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999401-toqaev-elisei-saraiyna-keldi-ony-makron-kutip-algan-video/