Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды

Опубликовано:

Президент "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы "Алтынемел" мемориалдық музейіне барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Ақорданың ақпаратынша, президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов жайлы жазылған еңбектердің бәрін оқып шыққанын еске салып, оның зерттеу жұмыстарымен таныс екенін айтты. Сонымен қатар Президент музейдегі жәдігерлерді әлі де толықтыра түсу керек екеніне назар аударды.

Президент Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, музей қызметкерлерімен әңгімелесті.

Сонымен қатар Ақорда былтыр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша музейге және осы мәдени-туристік нысанға баратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бүгін, 26 қазанда президент Жетісу облысына ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жұмыс сапарын Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042680-prezident-altynemel-memorialdyq-muzeiine-bardy/

pixel