Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті

Опубликовано:

Тоқаев Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарын көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден бастады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

"Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары көрнекті этнограф, фольклортанушы, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етуден басталды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін, 26 қазанда президент Жетісу облысына ресми сапармен барды.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында президент өңірдегі бірқатар мәдени, туристік, өндірістік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласындағы тұрғын үй құрылысының жай-күйімен және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042676-toqaev-soqan-ualixanovtyn-beiitine-ziyarat-etti/

pixel