Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон Қарағандыдағы ТЖ-ға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон. Фото: aqorda.kz

Костенко атындағы шахтада болған төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар елдің басшылары көңіл айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Қазақ халқына деген достық қарым-қатынасымды айғақтайтын Қазақстанға ресми сапарымнан бірнеше күн бұрын мен елдегі шахталардың бірінде болған қайғылы оқиғаны күйзеле естідім. Олардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Артынша мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орнына барды.

Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Соңғы мәліметтер бойынша қазір 32 адамның денесі табылды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын мемлекет пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып жатқанын хабарлады. Одан бөлек, оқиға орнына премьер-министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Серік Шәріпханов барды.

Сондай-ақ Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2042980-makron-qaragandydagy-tz-bailanysty-toqaevqa-konil-aitty/