Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы мен Макрон қандай құжаттарға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон. Фото: t.me/aqorda_resmi

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Франция басшылары бірлескен мәлімдеме жасады. Екі елдің ресми делегация мүшелері қандай құжаттарға қол қойғанын Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.

Екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

  • Қазақстан Республикасының үкіметі мен Француз Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстанда Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасының үкіметі мен Француз Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық (француз) мектептер ашуға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісім;
  • Франция мен Қазақстан арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен ниет декларациясы;
  • "QazBioPharm "ҰХ"АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісім;
  • Энергияны жинақтау жүйесі бар, жиынтық қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісім;
  • "Қазақстан Республикасында теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамды, сондай-ақ теміржол техникасының қосалқы бөлшектерін өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету" жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялар туралы келісім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2043598-toqaev-pen-men-franciya-bassy-emmanyuel-makron-qandai-quzattarga-qol-qoidy/