Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары ауысты

Жарияланған күні:

Шайх-Хасан Жазықбаев
Шайх-Хасан Жазықбаев. Фото: Қорғаныс министрлігі ресми сайты

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Жазықбаев Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр. Қазақстан әскеріндегі қызмет жолын әскери училище курсанты болып бастаған. Кейін "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына дейін өскен.

Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімнің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді.

2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

Ирак Республикасындағы инженерлік-саперлік жасақ құрамында бітімгерлік операцияға қатысты.

II дәрежелі "Айбын" орденімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045267-qaruly-kuster-bas-staby-bastygynyn-orynbasary-auysty/