Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосшы қаласында мәдени-спорт кешені салынады

Опубликовано:

Мәдени-спорт кешені
Фото: pixabay.com

Құны 9,6 млрд теңге болатын әлеуметтік нысан қайтарымсыз негізде мемлекетке беріледі, деп хабарлайды NUR.KZ Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосшы қаласында сыйымдылығы 1000 адамнан асатын және ауданы 8500 шаршы метр қоғамдық мәдени-спорт орталығы құрылысының кірпішін қалау рәсімі өтті. Нысан 2025 жылдың наурызында іске қосылады деп жоспарланған. Кейін әлеуметтік нысан мемлекетке беріледі.

Құрылысты бастау салтанатында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов әлеуметтік маңызы бар нысанның өзекті екенін айтты.

"Бүгінде біздің міндетіміз – елорда түбіндегі мекенді қарқынды дамып келе жатқан заманауи қалаға айналдыру. Біздің инвесторлар салатын қоғамдық мәдени-спорт орталығы Қосшы қаласының тұрғындары мен елорда қонақтарына тартымды орынға айналады. Бүгінде қалада мәдениет пен бос уақытты ұйымдастыру нысандары жоқ екенін атап өтейін. Бұл жоба тұрғындардың әр түрлі буынының мүддесін ескеретінімен де ерекше. Сондай-ақ Болат Өтемұратов қорына Ақмола облысының тұрғындары алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғысымды білдіремін", - деді Марат Ахметжанов.

Көпфункционалды кешен бірнеше блоктан тұрады – спорттық, мәдени-демалыс және білім беру. Оған 233 адамға арналған кинозал, 300 адамға арналған дәріс залы, конференц-залдар, студиялар, кітапхананың оқу залы, көрме залдары, трибуналары бар спорт залы, хореография залдары, кітапхана, арт-студия, екі қысқы бақ, аспаздық студиялар, роботтехника кабинеттері, арнайы оқу бөлмелері, мектепке дейінгі білім беру орталығы, кафе кіреді. Комьюнити-орталық Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласына сыйға тартқан екінші әлеуметтік нысан болмақ. Биылғы қыркүйек айында 1500 орындық жалпы білім беретін мектеп ашылды, бұл – Қазақстанда "Жайлы мектеп" стандарттары бойынша салынған алғашқы мектеп.

"Қордың басты міндеттерінің бірі – инновациялық жобалардың арқасында қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту. Қосшыдағы алғашқы комюнити-орталық та осындай болады, онда қала тұрғындары бос уақытын сапалы өткізе алады. Біз қала тұрғындарының қажеттіліктері мен үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, орталықты жобалауға, материалдарды іріктеуге және толтыруға аса мұқият қарадық", - деп атап өтті "Верный капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2045688-qossy-qalasynda-madeni-sport-keseni-salynady/

pixel