Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада Того президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Опубликовано:

Того президентін қарсы алу рәсімі
Того президентін қарсы алу рәсімі. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалғаны айтылады.

Бұған дейін Того президенті Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін биылғы қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Того президентімен телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады.

Айта кетейік, Того – Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқының саны 8,645 млн. Ресми тілі – француз тілі. 1960 жылдан бастап ел БҰҰ-ға мүше, ал 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2047973-aqordada-togo-prezidentin-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti/

pixel