Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара басының қамын ойлапты": Нұрсұлтан Назарбаев кітабында бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті еске алды

Опубликовано:

Назарбаев отбасымен
Назарбаев отбасымен. Фото: facebook.com/people/Рахат-Мухтарович-Алиев

Бүгін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі жайлы кітап жарыққа шықты. "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты кітабында Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев туралы да жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұрынғы күйеу балам, үш жиен немеремнің әкесі Рахат Әлиев шектен шығу арқылы тек өз отбасын, балаларын, мені ғана емес, тұтас елді сатып кетуі маған және менің отбасыма орасан қасірет болды. Бұл жағдайды мен және туыстарым қайыспай қарсы алып, оған шығарылған соттың шешімін әділ үкім ретінде қабылдадық. Басқаша болуы мүмкін емес еді". 2010 жылдың 4 маусымында ел халқына жасаған үндеуімде осылай деп айтуға тура келді. Мен оған сендім.

Қалай сенбейін? Туған күйеу балам. Сөйтсем, ол алдымен қара басының қамын ойлапты. Үстінен іс қозғалды. Сол күндер - менің өмірімдегі өте бір ауыр күндер. Оның ісінің сотқа берілгені, қорғап қалуды сұрап, құдамның келгені, немерелерімді ертіп, көз жасын төгіп, қызымның келгені, әйелімнің өтінгені... Қайтерсің, қаншама қиналсам да, жүрегім қан жыласа да, заңсыздыққа жол бере қоймадым", - деп еске алды Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар тұңғыш президент бұрынғы күйеу баласы бірнеше адамның қанын мойнына жүктеген жеткізді.

"Кешіруге болатын істер де бар. Оны қарайтын амнистия жөніндегі арнайы комиссия да бар. Кешіруге болатын іс пе оның жасағаны? Адам өлтіруден де тайынбаған екен. "Нұрбанктің" топ-менеджерлері Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновті өлтіріп жіберген. Сонда күлкісіз күндерім, ұйқысыз түндерім өтті.

Жоғарғы сот оны 20 жылға түрмеге қамауға үкім шығарды. Бұл кезде ол шетелге жасырынып үлгерген еді. Сол жақта жүріп, қамауға алынды. Түрмеде көз жұмды", - деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы күйеу баласы жайлы.

Айта кетейік, осыған дейін экс-президент немере інісі Қайрат Сатыбалды жайлы жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2048663-qara-basynyn-qamyn-oilapty-nursultan-nazarbaev-kitabynda-buryngy-kuieu-balasy-raxat-alievti-eske-aldy/

pixel