Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика вице-министрі қызметінен жанжалдан кейін кеткені рас па: министрлік жауабы

Опубликовано:

Жандос Нұрмағамбетов
Жандос Нұрмағамбетов: primeminister.kz

Энергетика министрлігі энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің елдегі коммуналдық апаттарға байланысты отставкаға кетуі туралы қауесетті жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Осы демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде ЖЭО мен жылу желілерінде апаттар болып, соның салдарынан қатты аязда жұрт жылусыз қалды.

Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде өңірлердегі коммуналдық апаттардан кейін бұл мәселелерге жетекшілік еткен вице-министр Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетті деген қауесет тарай бастады.

Энергетика министрлігі өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды.

"Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 16 қарашадан 15 желтоқсанға дейін еңбек демалысында, кейін басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылады. Желіде таралып жатқан вице-министр мен ведомство басшылығы арасындағы жанжал туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов.

Еске салайық, Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың желтоқсанында энергетика вице-министрі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2050184-eldegi-kommunaldyq-apattarga-bailanysty-energetika-vice-ministrinin-qyzmetinen-ketkeni-ras-pa-ministrlik-zauaby/

pixel