Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жандос Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Жандос Нұрмағанбетов
Жандос Нұрмағанбетов. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП Университеті" АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары "Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры қызметін атқарған.

2011-2013 жылдары "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болған.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеген.

2020 жылдан бастап қазірге дейін "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Рахымов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1946634-zandos-nurmaganbetov-energetika-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel