Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Генерал-майор Арман Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Арман Жұмағалиев
Арман Жұмағалиев. Фото: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен​ ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық​ ұланның​ "Шығыс" өңірлік​ қолбасшылығының​ қолбасшысы лауазымына​ генерал-майор​ Арман Жұмағалиев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа қолбасшыны жеке құрамға​ ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның ​Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов таныстырды.

"Арман Жұмағалиев баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын​ курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін,​ взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. Арман Жұмағалиев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік​ тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін", – деді Еркін Ботақанов.​

Арман Жұмағалиев​ бұған дейін Ұлттық ұланның "Батыс"​ өңірлік​ ​қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2051520-general-maior-arman-zumagaliev-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel